Ресейде әскерге шақыру үшін электронды шақыртулар енгізу туралы заң қабылданды

11 сәуірде РФ Мемлекеттік Думасы әскери міндеттілердің бірыңғай тізілімін құруды көздейтін заң қабылданды, оған сәйкес әскерге шақыру қағаздарын электронды түрде жіберіледі.

Енді Ресейде әскерге шақыру қағазы «Мемлекеттік қызмет» порталындағы жеке кабинетінде жарияланған сәттен бастап алынған болып есептеледі. «Аталмыш жаңашылдық тек әскерге шақырылатындарға ғана емес, барлық әскери міндеттілерге қатысты. Осылайша, болашақта бұл заңның салдары өте ауыр болмақ, ол миллиондаған адамға салдарын тигізеді. Әрбір ресейлік бұл заңға баса мән беріп, оны түсінуі тиіс», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Фото: Ресейде әскери қызметке шақыруға қатысты жаңа заң қабылданды

РФ-да әскери комиссариатқа келу туралы хабарлама түбегейлі өзгереді:

  1. Шақыру қағаздарын электронды түрде жіберу заңдастырылады.
  2. Шақыру қағазы тізілімде пайда болғаннан кейін бір апта өткен соң алынған болып есептеледі. Азаматтың шақыру қағазын көргені немесе көрмегені, оның «мемлекеттік қызметтері» қолданатыны не қолданбайтыны маңызды емес.
  3. Енді әскерге шақыру қағазын барып қолына беру талап етілмейді, хатпен жіберсе болады. Әскерге шақыру қағазы хат жеткізілген күні алынған болып есептеледі.
  4. Егер адам шақыру қағазы алынған деп есептелгеннен кейін өз еркімен әскери комиссариатқа келмесе, ол автоматты түрде әскерден жалтарған болады.
  5. Әскерден жалтарушылар заңмен қысымға ұшырайды (елден шығуға, несие алуға, көлікті жүргізуге, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға және т.б. тыйым салынады).

«Ресей үкіметі шақыру қағаздарын жіберудің біржақты тәртібін бекіткенін және шақырту алғандар әскери комиссариатқа уақтылы келмесе жазаға тартылады деп айтса болады. Аталған заң Ресей билігі соғыс алаңындағы шығындардың орнын қалай толтыруды жоспарлап отырғанын айқын көрсетіп отыр», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.

Кремль соғыс алаңына барынша көп еріктілерді тартуға үшін бар күш-жігерін салып жатыр, дейді аналитика саласындағы мамандар.

Фото: Ресейде әскери қызметке шақыруға қатысты жаңа заң қабылданды

Тәжірибе көрсеткендей, бұл әдістердің барлығы тиімсіз болып табылады. Кремль қазіргі таңда соғыс алаңындағы шығындардың орнын толтыра алмайды, өйткені шығындар өте көп, ал соғысқа қатысқысы келетіндердің қарасы аз.

«Электронды шақыру қағаздары» туралы заң — бұл, шын мәнінде, әскерге шақыру қағаздарының күшін жоюды көздейтін заң десе болады. Енді әскерге шақыру жасындағы әрбір ер адам әскери комиссариатқа тек еркек болғаны үшін ғана келуге міндетті болады, ал әскери комиссариатқа сарбаздар өте қажет. Ресейде әскери комиссариаттан немесе қол қоюды талап ететін әскерге шақыру қағазын алмай, жалтару мүмкіндігі жойылды.

Әрине, электронды әскерге шақыру қағаздарын жібері таяу күндері басталмасы анық. Бірақ аталған заң — РФ үкіметі ұзаққа жалғасатын соғысқа жеке құрамға адамды көп тартуды жеңілдету үшін жасалып отырған перспектива.

Добавить комментарий