Алматы облысында иттер өлекселері жиналған қорым табылды

Алматы облысының полиция қызметкерлері Алматы облысы, Талғар қаласы маңында анықталған иттердің өлекселері жиналған қорымға байланысты тергеу жүргізуде.

Қылмыстық құқық бұзушылық «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне» тіркелді және полицейлер ондаған итті қатыгездікпен өлтіруге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізіп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеуді өз бақылауына алып, тергеу барысын қадағалайды. Бұл туралы БАҚ беттерінде жарияланды.

Добавить комментарий