Қазақстанда цифрлық теңгені енгізуге дайындалуда

Қазақстан Президенті Ұлттық банк басшысымен цифрлық теңгені енгізу мәселесін талқылады

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді.

Ғалымжан Пірматов инфляция төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын, бірақ инфляция деңгейі әлі де жоғары болып қалып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Ғалымжан Пірматов ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Добавить комментарий