Алматыда карантиндік шаралардың бұзылуына байланысты 11 нысан жұмысын тоқтата тұруы мүмкін

Алматы қаласының мониторингтік топтары мегаполис аумағында карантиндік шараларының сақталуын бақылауды күшейтуді жалғастыруда

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 24 қазанда мониторингтік топтар шектеу шараларын сақтау бойынша 59 тексеру іс-шарасын жүргізді. 11 нысан заң бұзушылықтармен анықталып, материалдар заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдау үшін беріледі. Аталған нысандар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 230 АЕК көлемінде әкімшілік шаралар қабылданады. Қайталанған жағдайларда сот тәртібімен қызметті тоқтата тұру туралы мәселе қойылады.

Алатау ауданында қоғамдық тамақтану нысандары анықталды, онда көп адамның жиналуымен салтанатты іс-шаралар (үйлену тойлары, банкеттер) өткізілген:

1) Зерделі шағын ауданы, «AINABAI HALL» мейрамханасы -50 адамға арналған іс-шара (құдалық) өткізілді;

2) Көкқайнар шағын ауданы, Жангелдин көшесі, 2 — «Томирис» мейрамханасында 40 адамға арналған іс-шара (үйлену тойы) өткізілді;

3) Алмерек Абыз көшесі, 2 — «Бодрум» мейрамханасында 70 адамға арналған іс-шара (үйлену тойы) өткізілген;

4) Нұркент ш/а, 5/22 Зере ЖК — дүкенінде санитайзерлер жоқ, сатушының қорғаныс бетпердесі болмаған;

5) Нұркент шағын ауданы, 5/22″Happy event» ЖШС — сатушылар жұмыс орнында қорғаныс бетперделерінсіз болған, дезинфекциялық кілемшелер жоқ, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер жоқ;

6) Нұркент ш/а, 5/26 «Алтын Ару» ЖК тәттілер дүкені — сатушы жұмыс орнында қорғаныш бетпердесіз және қолғапсыз болды, дезинфекциялық кілемдер мен санитайзерлер жоқ, журналға мәліметтерді енгізе отырып, қызметкерлерді термометриялау жүргізілмейді;

7) Нұркент шағын ауданы, 5/26 Агибаева ЖК азық-түлік дүкені — келушілерге арналған санитайзерлер жоқ. Наурызбай ауданы: Қалқаман-2 ықшам ауданының «Ілхан» салтанат залы — 100 адамға арналған іс-шара (той) өткізілді.

Алмалы ауданы: жұмыс тәртібін бұзған нысандар анықталды (БМСДҚ сәйкес, сағат 23.00-ден кейінгі жұмысқа және кальян сатуға тыйым салынған нысандар):

1) «Мята» лаунж-бары — сағат 23:00-ден кейінгі жұмыс, келушілерге кальян сату;

2) «Гранд опера» караоке — қызметке уақытша тыйым салу;

3) Finik кафесі — сағат 23:00-ден кейін жұмыс, келушілерге кальян сату.

Жергілікті полиция қызметі мен мемлекеттік-құқықтық бөлімнің құрамындағы мониторингтік топтар карантиндік шараларды, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін, сондай-ақ рұқсат етілген сауда нысандарының жұмыс режимін сақтау бойынша қала тұрғындарына ақпараттық хабарлау жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Ақпараттық хабарландыру магистральдық көшелерде, аулаларда және қала тұрғындарының көпшілік демалатын орындарында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырып, аурудың өсуінің негізгі себептерінің бірі халық тарапынан жалғасып жатқан карантин талабын бұдзуды – жаппай көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді атады. Мұндай бұзушылықтар түрлі көпшілік жиындарға қатысқан адамдардың 38%-ының жұқтырып, науқастануына себеп болды.

«Той ұйымдастырушыларына айтатыным. Сіздер өздеріңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны жұқтырып алып, оны отбасыларына әкелетін қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай-ақ, тойдың немесе еске алу жиынының қызған шағында мониторингтік топтардың талабы бойынша ол жерден кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыздар», — деді Жандарбек Бекшин, эпидемиялық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, эпидемиологтардың талаптарын ескерусіз қалдырмауға және бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға және адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.

Добавить комментарий