Ресей армиясы сәтсіздікке ұшырауға жақын, деп есептейді сарапшылар

Ресей-Украина соғысындағы ұрыс қимылдарының қарқындылығы жоғары деңгейде тұр. Қазіргі таңда Бахмут, Авдеевка және Марьинка сияқты елді мекендер кескілескен шайқас жүріп жатыр. Дәл осы үш қалаға РФ әскерлері тоқтаусыз шабуыл жасап жатыр. Украинаның әскери сарапшылары РФ әскері орасан зор шығынға ұшырайды деуде. Бахмутты бақылауға алу мақсатында жүргізіліп жатқан соғыс қимылдары соңғы 8 ай бойы жалғасып жатыр.

«Айта кету керек, Кремль пропагандасы Бахмутқа қатысты бірқатар жалған жаңалықтарды «жариялауға» бағытталған нағыз ақпараттық науқан басталды. Аталған науқанның мақсаты ресейліктерді жаңылыстырып, Украина аумағында барлығы жоспарға сай жүріп жатқандығына сендіру болып отыр. Сондай-ақ, пропагандисттердің мақсаты украиналық және батыстық ақпараттық кеңістікте шындыққа жанаспайтын жаңалықтар жариялау», — дейді есімін атағысы келмеген украиналық саясаттанушылар.

«Біріншіден, пропагандисттер орасан зор шығынға гипертрофиялық акцент қойды. Олар Украина Қарулы Күштері Бахмут ауданында бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырайды деп мәлімдеген. Осылайша, Украина әскері өзінің элиталық әскерлерін жоғалтады-мыс. Екіншіден, УҚК қоршауға алынған, демек шығынға ұшырайтыны сөзсіз. Үшіншіден, Украина әскерінің кері шегінетіні айтылған. Осылайша, украиналық әскерилер қолбасшылықтың бұйрығына бағынбайтын және өз бетінше позициядан кетіп жатқан қашқындар деп сипатталды. Төртіншіден, Украинаның әскери-саяси басшылығында алауыздық орын алғаны және ел президенті мен бас қолбасшы жанжалдасып қалды деп те айтылды. Бұл өз кезегінде соғыс алаңының қандай да бір учаскесінде украиналық әскерлердің тиімді әрі жылдам шешім қабылдауға кедергі келтіреді-мыс», — деп түсіндіреді саясаттанушылар.

Фото: Қазіргі таңда Бахмут, Авдеевка және Марьинка сияқты елді мекендерде кескілескен шайқастар жүріп жатыр

Ал украиналық саяси технологтар жағдай мүлдем басқаша болып отыр дейді. Сарапшылардың айтуынша, Ресей «ауқымды» қысқы шабуылды сәтсіз аяқтады және Донецк және Луганск облыстарын толық басып алу мақсатына жете алмады.

«Бүгінгі таңда РФ әскері Бахмутты басып алатын түрі жоқ. Шынымен де, аталған қаланың төңірегінде және ішінде кескілескен шайқас жүріп жатыр. Бұл ретте Ресей әскері сапасыз техника мен біліксіз қолбасшылыққа байланысты көп шығынға ұшырап жатыр, ал Украинаның берік позициясына шабуыл жасап жатқан толассыз сарбаздардың себінен басымдықты өз қолына алмақ. Сонымен қатар, Бахмут, Авдеевка және Марьинкаға шоғырланған ресейлік басқыншыларға майданның барлық желісі бойынша ұрыс қимылдарын өрістету үшін логистикада қиындықтар бар. Қазіргі уақытта РФ армиясында оқ-дәрі мен жанар-жағармай материалдарын уақытылы жеткізу проблемасы туындап отыр. Бұдан әрі сарапшылардың айтуынша, УҚК жоғарыда аталған елді мекендер ауданында қарымта шабуылдарды сәтті өткізіп, Ресей әскерлерінің проблемаларын ушықтырады. Мәселен, «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин УҚК Бахмуттан кері шегінбейтінін және ресейліктердің бұл бағытта шабуыл жасау туралы сөз қозғалып отырмағанын мойындады.

Фото: Қазіргі таңда Бахмут, Авдеевка және Марьинка сияқты елді мекендерде кескілескен шайқастар жүріп жатыр

Соғыс алаңындағы жағдай РФ-ның қысқы-көктемгі шабуылы сәтсіз аяқталғанын көрсетеді, ал енді көктемгі-жазғы қарымта шабуылына белсенді дайындалып жатқан Украина әскерінің кезегі келді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий