Алматыда жеңгетай кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқаны белгілі болды.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде клиенттерге интимдік қызмет көрсететін пәтерді анықтады.
«Пәтерде кәмелетке толмаған қыз болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен. Белгілі болғандай, Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасы жезөкшелікке тартумен айналысқан. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды», — деп хабарлады полициядан.
ҚР ҚК-нің 3-бабы 2-бөлігінің 309-тармағы (Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен ұштасқан жиынтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.