Жыныстық қызмет көрсететін сайтты бұғаттау оңай шаруа емес, себебі оның иелері сайтқа өту үшін жаңа сілтемелер ашып отырады. ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сайтты жасаушылар тиісті сілтемелер бұғаттағанымен, өз ресурсына жаңа домен-сілтемелер жасауда.
Сонымен қатар, сайт провайдері шетелдік компания болып табылады, оған сайттың жұмысын тоқтату туралы хат жолданды.
Елдегі интернет-ресурстарды бұғаттау мәселесімен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі айналысып жатыр, оларға да тиісті хат жолданды. Жақында Kizdar.net сайтында онлайн-жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілгені хабарланған. ІІМ осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.