Премьер-министр Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонына барып, Қазақстанда электромобильдер өндірісін ұйымдастыру жоспарларымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А.Лаврентьев және JAC Motors бас директорының орынбасары Юй Ян, «Қазақстан өнеркәсіп қоры» АҚ басқарма төрағасы Н.Байбазаров және «ӨКМ операторы» ЖШС бас директоры М.Құмарғалиев премьер-министрмен жасыл энергетика бағдарламасын жүзеге асыру аясында елімізде электромобиль өндірісін дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
2021 жылы ҚР-да автобустарды қоса алғанда, әртүрлі үлгідегі 1200 бірлік электр көлігін өндіру жоспарлануда, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2000 бірлікке дейін жеткізіледі. Көліктер ішкі нарыққа және шетелге экспортқа шығарылатын болады.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында электромобильдерге арналған 50-ден астам зарядтау станциясы жұмыс істейді. Бұл тізім Ұлттық павильон аумағында орнатылған арнайы аймақтарды толықтырып, 25 электромобильге бір мезгілде зарядтауға мүмкіндік берді.
Үкімет басшысына JAC IEVS4 және JAC IEV7S электромобильдерінің модельдері, сондай-ақ толық өлшемді NIO ES6 және NIO ES8 кроссоверлерінің үлгісі көрсетілді.
Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов және т.б. қатысты.