Қазақстанда АҚШ доллары бағамы арзандады

Қазақстанда АҚШ доллары бағасы құлдырауда. Оның құны тағы 6 теңгеге төмендеп, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 448,39 теңге болды.

Бір тәулікте доллар бағамы 6,35 теңгеге, бір айда 0,44 теңгеге төмендеді.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 447 теңгеден сатып алып, 451 теңгеден сатып жатыр.

ICE биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 79 долларды құрайды.

 

Добавить комментарий