АЭХА сарапшылары 28-31 наурыз аралығында Астанада Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу миссиясын өткізеді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Тексерудің мақсаты ядролық-энергетикалық бағдарламаны дамытуды қоса алғанда, елдің ядролық инфрақұрылымының жай-күйін бағалау және ядролық энергияны қауіпсіз және сенімді және орнықты пайдалану жөніндегі ұсынымдар болып табылады.
Миссия жұмысына АЭХА сарапшылары мен Ұлыбританиядан келген сыртқы сарапшы, сондай-ақ Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚАЭС» ЖШС, ҰЯО, ЯФИ және ҰТО ЯҚТ өкілдері қақатысуда.