Нұр-Сұлтан: 25 қазанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

Елорда әкімдігінен алынған ақпаратқа сәйкес, 25 қазан, жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді. Бұл сақтық шарасы дезинфекция жүргізу қажеттілігімен байланысты.

Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

Қалған күндері қоғамдық көлік әдеттегі режимде жұмыс істейді деп хабарланды.

Елорда тұрғындарынан санитарлық нормаларды сақтауды және бетпердесіз автобусқа кіруге тыйым салынғанын ұмытпауды сұрайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз тәсілмен төленеді.

Бұған дейін хабарланғандай, қоғамдық көлікті арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу күн сайын жүргізіледі. Соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезерітіндімен ылғалды тазалауды жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларға, турникеттерге және басқа элементтерге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері күн сайын желіге шығып, жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бетперде режимін сақтауын тексереді.

Добавить комментарий