28 наурыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендедң, Kazakhstani Stock Exchange (KASE) деректері бойынша доллардың орташа сараланған бағамы сағат 15:30-дағы жағдай бойынша 3,63 теңгеге арзандап, 455,00 теңге болды.
Қытайлық юань бағамы да арзандап, Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 66,13 теңге (-0,69) болды. Ұлттық банк еуро бағамын 493,84 теңге, ал рубль 6 теңге деңгейінде белгіледі.
Сонымен қатар, айырбастау пункттерінде доллар бағамы 453-457 теңгеден, еуро — 490-499 теңгеден, ал Ресей рубльі — 5,8-6,1 теңгеден саудаланып жатыр.
Мұнай бағасының қарқынды өсуіне байланысты, маусымда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,49%-ға төмендеп, 77,38 долларға жетті, мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,11% төмендеп, 72,73 долларға жетті.