Синоптиктер мұздың еруіне байланысты су басу қаупі туралы ескертті. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, ел аумағында ауа райы жылы болады. Еліміздің үш қаласында екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
«ҚР-ның барлық дерлік аумағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР-ның солтүстік-батысында ғана атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман басады, қатты жел соғады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
2023 жылғы 24 наурыз күнгі дауылды ескерту
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында тұман басады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады.
2023 жылғы 24 мен 26 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе қ. ауданы) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай аудандары) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің кенеттен көтерілуі және судың жайылуы мүмкін.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында және Петропавл қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
23 наурыздың сағат 21.00-ден 24 наурыздың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
23 наурыздың сағат 21.00-ден 24 наурыздың сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
2023 жылдың 23 мен 25 наурыз аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.