Бүгін Айман Омарова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) аясында Қазақстанда адвокаттардың құқықтарына үнемі қысым жасалатынын мәлімдеді.
«Мен кейбір соттардың әділдікті айтатын адвокаттарға қысым жасағанына талай рет куә болдым. Соттарда прокурорлар мен сирек келетін медиаторларға арналған жеке бөлме бар. Ал сот ғимараттарынан шықпайтын адвокаттар үшін жеке бөлме жоқ. Адвокаттарды қуғындау арқылы тіпті адал табыс табудан да айырады», — деп хабарлады Айман Умарова.
Оның айтуынша, ең жаман жағдай ауылдарда жұмыс істейтін заңгерлерде болып жатады, онда оларға қызмет ақысы ретінде кейде үй малын ұсынады.
«Ауылдарда адвокаттар жетіспейді. Адвокаттарда да, ауыл тұрғындарында да жағдай жоқ. Заңгерлерді әлеуметтік қорғау жоқ. Тіпті кәдімгі аурухана парақтарын төлеуге қаржы қарастырылмаған. Алайда адвокаттар зейнетақы жарналарын да төлейді. Ең қызығы, құқық қорғау және сот органдары үшін тегін «Заң көмегі» АЖ үшін адвокаттар ай сайын 6000 теңге төлейді. Неге олай? Әсіресе ауыл адвокаттарына қиын. Олар өз қаламақыларын да ала алмайды: біреулер сиырмен, біреулер қошқармен төлейді», — деп мәлімдеді Айман Омарова.
Құқық қорғаушы сондай-ақ ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңы туралы айтып өтті, онда адвокаттарды өмір бойы лицензиясынан айыруға рұқсат береді.
«Бұл мәселе ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдарды алаңдатады. Бұл заңға өзгерістер енгізу маңызды», — деп атап өтті адвокат.
Айман Омарова қылмыстық істі электронды жүргізу бойынша пилоттық жоба жұмысының қорытындысын сынға алды.
«12 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Ақтау, Таразда қылмыстық істі электронды жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Толық төлем алу үшін адвокаттар істерді электронды нұсқада жүргізуі тиіс. Өкінішке қарай, пилоттық жоба нәтиже бермеді. Неге? IT жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік жоқ. SSL куәлігі ескірген. Реттеуші орган мен әзірлеушілер белгісіз себептермен халықаралық сертификат transport layer security криптографиялық хаттамасын енгізуден бас тартты», — деп түйіндеді Айман Омарова.