ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық ұйымдарды жылжымалы медициналық кешендермен қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыруда. 23 қазанға дейін 100 бірлік ЖMK жеткізу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда төрт аймақ ауылдық медициналық ұйымдарға ЖMK алды.
«Бүгін Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен еліміздің төрт солтүстік өңіріндегі аудандық ауруханалардың қызметкерлеріне отандық өндірістің 24 жылжымалы медициналық кешені (бұдан әрі — ЖMK) салтанатты түрде тапсырылды», — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Құттықтау сөзінде вице-премьер Тоғжанов мемлекет және үкімет басшысының атынан еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне олардың қажырлы еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтты. Сапалы медициналық көмек көрсету үшін ел басшылығы ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау бойынша шаралар қабылдағанын ерекше атап өтті.
ЖМК отандық өндірістің автокөлігі базасында құрылды және көшпелі жағдайларда азаматтардың денсаулығын зерттеудің кең спектріне арналған. Кешен 7 мамандандырылған кабинеттен тұрады: жалпы қабылдау кабинеті, жалпы практика дәрігерінің аймағы, талдау қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалдық диагностика тестері, акушер-гинеколог кабинеті, сәулелік диагностика кабинеті.
Медициналық мобильді орталықта арнайы қорғасын бөлмесі орнатылған, онда рентген мен флюорография жасауға болады. Жүйе бөгде адамның көмегіне мұқтаж адамдар үшін инфрақұрылымдық жүйемен жабдықталғаны өте маңызды — пандус-лифт мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдауды қолжетімді етеді.
Аталған кешендер аудан орталықтарынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан ауылдық округтерде ең жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін Қазақстан өңірлеріне 100 бірлік ЖMK жеткізіледі.
Медицина қызметкерлері мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Осындай кешендердің арқасында дәрігерлер Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын жақсарта отырып, ауыл тұрғындарына сапалы көмек көрсететін болады.