Күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,15 теңгеге көтеріліп, 462,36 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 18-20 наурыздағы ресми бағамы бір доллар үшін 460,79 теңгені құрайды.
Деректер бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 460,97 теңге, сату бағамы 465,19 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 460,13 теңгеден сатып алып, 463,93 теңгеден сатып жатыр.