Украинадағы кең ауқымды соғыстың алғашқы жылында Ресей әскерінің адам күші мен техника жағынан көп шығынға ұшырады, сондай-ақ соғыс алаңында бірқатар ірі жеңілістерге ұшырады, деп мәлімдеді Украина Қорғаныс ведомствосы.
Батыс сарапшыларының бағалауы бойынша РФ әскерінің шамамен 200 000 жуық адам жер жастанды және жарақат алды. Украина тарапы басқыншылар қатарындағы 150 000-нан астам адам қайтыс болды деп мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, «Oryx» мониторинг тобының әскери талдаушысы Якуб Яновскийдің бағалауынша, РФ әскері баса көктеп кіргелі бері танк паркінің жартысынан айырылған.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы РФ президенті Владимир Путиннің жіберген қателіктеріне байланысты болып отыр, деп мәлімдейді батыстық саяси технологтар.
Олар жағдайға пікір білдіре отырып, былай деп жазады: «РФ әскерінің сәтсіздіктерге алып келген Путиннің үш негізгі қателігін қарастырайық, бірақ шын мәнінде олар едәуір көп болды.
Украинаны тез басып алу жоспары іске аспады. Ресейліктердің Украина астанасын санаулы күндердің ішінде жаулап алуды көздегеніне блогерлер мен журналистердің риторикасы дәлел. Олар ұрыс қимылдары басталмай тұрып, ел әскері Украинаны жоқ қылып жіберуге қауқары жетеді деп айтып жүрген.
- Украина одақтастарының бір жұдырық болып жұмылуы. Одақтастардың бірігуі Ресей президентінің ең үлкен қателігі болса керек. Бұл орайда былтыр қазан айында генерал Сергей Суровикиннің Украинадағы Ресей әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалуы осы тұрғыдан бетбұрыс болды деcек болады. Бұған дейін ол Сириядағы ресейлік әскер тобына бір жылдан астам уақыт басшылық еткен. Оның басшылығымен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының азаматтық объектілерге жаппай зымыран шабуылдары жасала басталды. Осыдан кейін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар РФ-ны террористік мемлекет деп тани бастады. Кейбір елдер мемлекеттік деңгейде мұндай шешім қабылдады. Батыс қарқынды ұлғайтып, Украинаға батыстық қару-жарақты жеткізуді арттырды.
- Әскерлер мен қару-жарақтың азаюы. Бұл қателікке жоғаыдағы айтылған себеп болды. Зымыран шабуылдарына байланысты Украинаның одақтастары Киевке әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жеткізе бастады. Осылайша, Украина Қарулы Күштері ресейліктер ұшырған зымырандардың басым көбісін атып түсірді, демек көп зақым келтірілмеді. Нәтижесінде РФ-ның зымыран соққылары тиімділігін жоғалта бастады. Сондықтан РФ ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмай, зымыран қорларын біткенше қолданды. Мұндай көрініс басқа аспектілерде де байқалды. Киевтің РФ бақылауындағы аумақтарда техника мен оқ-дәрі қоймаларын алуға және оларды жоюға қабілетті қару-жарағы бар. Бұл ретте УҚК батыстық қару-жарақ есебінен қорғаныс әлеуетін едәуір жақсартты. Соғыс қимылдары артиллериялық дуэл кезеңіне өтті. Бұл Ресей әскерінің снарядтық тапшылығына себеп болуы мүмкін».
Әскери сарапшылардың пікірінше, Украина аумағындағы ұрыс қимылдары әлі де жалғасатын болады.