ШҚО-да бюджет қаражатын ұрлау фактісінің жолы кесілді.
Шығыс Қазақстан облысында «Қазына» жедел алдын алу шарасы аясында қоныс аудару бағдарламасын қамтамасыз ету үшін бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемасы анықталып, жолы кесілді.
Анықталған фактілер туралы құқық қорғау органдарының өкілдері хабарлады. «2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тарбағатай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды тұлғалары мен қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларына бөлінген қаражаттын жымқырмақшы болған.
2019 жылы қоныс аудару бағдарламасының 4 қатысушысы — Түркістан облысының тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудармай, Тарбағатай ауданының Жұмыспен қамту орталығына жалған құжаттарды, атап айтқанда, Тарбағатай ауданынан тұрғын үйлер сатып алу туралы келісім-шарттарды ұсынды. Алайда, олардың атынан нотариаттық сатып алу-сату ниеті туралы келісімшарттар жасалған тұрғын үй иелері өз мүлкін сату фактісін жоққа шығарып отыр, — деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Есеп шоттарына ерікті түрде қоныс аударғаны үшін ақша қаражаты түскеннен кейін олар қоныс аудару бағдарламасының талаптарын нақты сақтамастан Түркістан облысына бұрынғы тұрғылықты жерлеріне көшіп кеткен.
Қазіргі уақытта сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету фактісі бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, тергеу жүргізілуде.