Алматы облысында агроөнеркәсіп өнімдері экспортының өсімі байқалды

Алматы облысы өз аумағында тұратын халықтың негізгі азық-түлік тауарларына деген қажеттіліктерін өз өндірісі арқылы толық қамтамасыз етеді.

Ал ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша экспортталатын өнімдер саны өсті. Мұндай мәліметтерді облыстық мәслихаттың 62-ші онлайн-сессиясында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Облыс басшысы жыл басынан бері 1084 басқа арналған алты сүт-тауар фермасы және 550 басқа арналған үш бордақылау алаңы пайдалануға берілгенін атап өтті. Ал мал мен құс басының саны орта есеппен 6,2%-ға өсті, ет пен сүт өндірісінің көлемі 3,6%-ға артты.

«Бүгінде өңірде 25,7 мың басқа арналған 82 МТФ және сыйымдылығы 70,2 мың басқа дейінгі 106 бордақылау алаңы жұмыс істейді, соның есебінен сүт зауыттарының жүктемесі 80%-ға, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 66%-ға жетті. Басқаша айтқанда, облыс халқының негізгі азық-түлік өнімдеріне қажеттілігі өз өндірісімен жабылады, сондай-ақ экспорт өсуде. 9 айдың қорытындысы бойынша экспортталған АӨК өнімінің сомасы 33% өсіммен 92,7 млн, АҚШ долларын құрады. Сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, ет және ет субөнімдері, балық филесі экспорты артты, барлық түрдегі 3195 тонна ет экспортталды», — деп атап өтті Амандық Баталов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 894 млрд. теңгені құрап, 2,2%-ға өседі, еңбек өнімділігі 2,3 млн. теңгеге жетеді.

Добавить комментарий