Сирия Президенті Ресеймен қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді

Сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында Сирия президенті Башар Асад Мәскеуге сапары Ресей мен Сирия арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеді.

Ол Ресей-Сирия үкіметаралық комиссиясы жұмысының нәтижелері тараптарды қанағаттандыратынын және оның сапары түрлі салалардағы қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Башар Асад Мәскеуге сейсенбі күні кешке келді, оны РФ президентінің Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі, СІМ басшысының орынбасары Михаил Богданов, Сирияның Мәскеудегі елшісі Башар Джаафари мен Ресейдің Сириядағы елшісі Александр Ефимов қарсы алды.

Мәскеуде Сирия басшысы РФ президенті Владимир Путинмен кездесті.

Еске сала кетейік! Путин мен Асад соңғы рет 2021 жылдың қыркүйегінде, Сирия президенті Мәскеуге келгенде кездескен.

Асадтың мәлімдемесі бұрыннан одақтас болып келген екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бұл экономикалық, әскери және саяси салаларда ынтымақтастықты ныңайтғаі, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікке зор үлес қосуы мүмкін.

 

Добавить комментарий