Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараты күрт маневр жасап, Қара теңізге құлаған, Ресей Әуе-ғарыш күштерінің жойғыш ұшақтары оны атып түсірмеген.
14 наурызда таңертең Ресей Әуе-ғарыш күштерінің әуе кеңістігін бақылау құралдары MQ-9 өшірілген транспондерлері Ресей мемлекеттік шекарасы бағытында ұшып келе жатқанын байқады.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуы арнайы әскери операция жүргізу мақсатында белгіленген әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі аймағының шекараларын және халықаралық заңды бұза отырып жүзеге асырылды.
Ресей Әуе-ғарыш күштерінің жойғыш ұшақтары нысанды анықтау үшін әуеге көтерілді, бірақ оны атып түсірмеген. Бұған дейін MQ-9 Reaper-ды ресейлік Су-27 жойғыш ұшағы атып түсіргені хабарланған болатын.
Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байденге баяндалды, ал Мемлекеттік департаментке ресейлік елші Анатолий Антонов шақырылды. АҚШ ҚК Еуропалық қолбасшылығы Қара теңіз ауданында өз міндеттерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.