Украина президенті Владимир Зеленский премьер-министрге Ресейдің атауын Московия деп өзгерту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бұл Ресейдің украин тілінде ресми атауы «Московия» болуын қалаған украиндықтардың 25 мыңнан астам дауысын жинаған петиция негізінде жасалған.
Украина президенті Владимир Зеленский премьер-министр Денис Шмыгалға Ресейдің атауын украин тілінде «Московия» деп өзгерту мүмкіндігін «мұқият пысықтауды» тапсырды, деп хабарлады жергілікті басылымдар Зеленскийдің президент сайтында орналастырылған тиісті петицияға берген жауабына сілтеме жасап.