Украина: Азаматтық тұлғалардан қаруды қайтаруды сұрайды

Днепропетровск облысында Украина азаматтарынан соғыс қимылдары басталғанда алған қаруларды қайтаруды сұрайды.

Хабарланғандай, олар атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін 10 күн ішінде қайтаруы тиіс.

«Соғыс қимылдары басталғанда бейбіт тұрғындарға отбасылары мен үйлерін қорғау үшін қару-жарақ берілді. Аймақтағы жағдай тұрақталғаннан кейін адамдардың бір бөлігі қаруды қайтарды.

Қалғандары «өздерінде» сақтап қалды. Аталған азаматтардың тізімі бізге белгілі, оларды біз әзірге жарияламаймыз. Тағы да айта кетейін, олардың қаруды белгіленген тәртіппен қайтаруына бүгіннен бастап 10 күні бар», — деді Днепропетровск OӘӘ басшысы Сергей Лысак.

ІІМ-нің 07.03.2022 № 175 бұйрығына сәйкес, ресейлік агрессияға тойтарыс беруге қатысатын адамдарға атыс қаруы берілген, ал соғыс жағдайы тоқтатылғаннан кейін немесе күшін жойғаннан кейін 10 күн ішінде полиция азаматтық тұлғалардан қаруды кері қабылдайды.

Сондай-ақ адамдар қарулы агрессияға тойтарыс бере алмаса немесе қатысқысы келмесе немесе тұрғылықты жері өзгерген жағдайда қаруды қайтаруы тиіс.

Добавить комментарий