Қостанай: Саяжайда зейнеткерді аяусыз өлтірген

Өңірлік БАҚ-та зейнеткердің аяусыз өлтірілгені және қылмыстың ізін жасыруға тырысқаны хабарланды.

Қостанай облысының «Мичуринец» ауылдық округінде аяусыз кісі өлтіру қылмысы жасалды. Полиция екі күдікті — облыс орталығының тұрғындарын анықтап, ұстады.

«102» пультіне Дачная көшесіндегі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, өрт ауыздықтау барысында 76 жастағы әйелдің денесі табылды», — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

АТалған дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі — кісі өлтіру бойынша тіркелді.

Зейнеткерді өлтірді деген күдіктілер ұсталып, Қостанай қаласы қылмыстық-атқару жүйесінің УҰИ-не қамауға алынды.

Добавить комментарий