Зеленский Украина Қорғаныс министрін жұмысынан босатпай, оның орынбасарын ауыстырды

Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко Украина президенті Владимир Зеленский қорғаныс министрі Алексей Резниковты «соңғы сәтте» жұмыстан шығарудан бас тартып, оның орынбасарларын ауыстыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

«Халық қызметшісі» президенттік партия фракциясының басшысы Давид Арахамия бұған дейін ақпан айында Резников Украина Қорғаныс министрі лауазымынан кететінін, ал әскери ведомствоны қазіргі әскери барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов басқаратынын мәлімдеді.

Кейін Резников Зеленскийдің өтініші бойынша ведомство басшысы болып қалатынын хабарлады. Қорғаныс министрлігі төңірегіндегі жанжал әскерге азық-түлік қымбат бағамен жеткізу туралы журналистік тергеумен байланысты туындаған.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Вячеслав Шаповалов пен әскери ведомствоның мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары Богдан Хмельницкий отставкаға кетіп, жемқорлық жасады деп айыпталды.

Добавить комментарий