ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ГФР Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті

Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Каринн Германия парламенті депутаттарымен кездесті.

Ерлан Қарин Бундестагтың «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының жетекшісі Ойген Шмидт бастаған депутаттармен кездесу өткізді, тараптар тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын қамтыған ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлады Ақорда.

Ерлан Қарин Бундестаг депутаттарын елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мән-мазмұнымен және алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Германия Парламентінің делегациясы Қазақстандағы саяси жаңғырудың жүйелі жүзеге асып жатқанын жоғары бағалап, еліміздің демократиялық өзгерістерге бастаған жолына табыс тіледі.

Добавить комментарий