24 ақпанда Байқоңырдан «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі ұшырылады

2023 жылдың 24 ақпанында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі ұшырылады.

Бұған дейін Халықаралық ғарыш стансасының құрамына кіретін ресейлік кемелердің зақымдануының екі оқиғасынан кейін Роскосмос комиссиясы «Союз МС-23» жаңа кемесін ұшырар алдында төтенше жағдайлардың барлық ықтимал себептерін тексеруге уақыт қажет болғандықтан оны ұшыру кейінге қалдырылған болатын.

«11 ақпанда ХҒС-та болған «Прогресс МС-21» жүк кемесі жылуды басқару жүйесіндегі қысымды төмендеткеннен кейін Роскосмос кәсіпорындарының мамандары алынған телеметриялық ақпараттар мен кеменің сыртқы бетінің суреттерін мұқият талдады. Олар Байқоңырдың 254-ші учаскесінің монтаждау-сынақ корпусындағы «Союз МС-23″ кемесіндегі радиаторды егжей-тегжейлі тексеріп шықты және онда ешқандай зақымдану анықталған жоқ», — деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Нәтижесінде бас конструкторлар кеңесі мемлекеттік комиссияға іске қосуды ұсынды. «Союз МС-23» ұшқышсыз кемесімен «Союз-2.1а» зымыран тасымалдағышын «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесімен ұшыру 2023 жылғы 24 ақпанда Астана уақыты бойынша 6 сағат 34 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшыру жоспарланған.

Добавить комментарий