Ресей билігі Нидерландыда консулдық қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді
Мәскеу ресейлік дипломаттар елден шығарылғаннан кейін Нидерланд аумағында консулдық қызмет көрсетуден бас тартқанын мәлімдеді.
Нидерландыдағы Ресей елшілігі жексенбі күні Нидерланд билігінің дипломатиялық мекеме қызметкерлерінің бір бөлігін тыңшылық жасады деген күдікпен елден шығару туралы шешімінен кейін консулдық қызмет көрсетуге шектеу қойылғанын жариялады.
Бұл туралы Ресей елшілігінің хабарламасында айтылды.
«Нидерланд билігінің 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап Гаагадағы Ресей Елшілігінің қызметкерлерін қысқарту туралы шешіміне байланысты бұрын ресімделген жазбалар (төлқұжаттарды беруден басқа) бойынша келушілерді қабылдамайды», — деп атап өтті Гаагадағы РФ елшілігі.
Консулдық бөлім алдын ала жазылусыз зейнетақы мәселелері және Ресейге қайтып оралуға куәлікті ресімдеу бойынша өтініштерді қабылдамайды.
«Нидерланд билігінің достыққа жатпайтын әрекеттерінен туындаған уақытша қолайсыздықтарға өкінеміз», — делінген ресейлік дипломатиялық мекеменің мәлімдемесінде.
Жақында Нидерланды барлау қызметкерлерін дипломат ретінде орналастыруына байланысты Ресей елшілігіндегі дипломаттардың санын қысқарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
Ресейлік дипломаттар екі апта ішінде Нидерландыдан кетуі тиіс. Ресейдің Амстердамдағы сауда өкілдігі 21 ақпаннан бастап жабылуы керек.
Нидерландының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 20 ақпанда жабылады. Бұл Санкт-Петербургте нидерланд азаматтары мен ұйымдарына көмек көрсетілмейтінін білдіреді. Мәскеудегі Нидерланд елшілігі ашық болады.
Жұма күні РФ СІМ Нидерланд елшісін Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен «Бук» зениттік-зымыран кешенін «ДХР» содырларына жеткізді деген болжаммен тергеу жүргізілуіне байланысты түсініктеме беру үшін шақырды.