Қазгидрометорталығы алдағы үш күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
17 ақпан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 аязда, күндіз 5-7 жылы болады.
18 ақпан — күн бұлтты, ауық ауық жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, ылғалды қар) жауады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз 2-4 жылы болады.
19 ақпан — көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 аязда, күндіз 0-2 жылы болады.