Белгісіз ер адам ерлі-зайыптыға балтамен шабуыл жасады

Қарағанды облысында құқық қорғау органдарына бейтаныс ер адам балтамен шабуыл жасады деген арыз келіп түсті.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, шабуыл жасаған 58 жастағы ер адам болып шықты.

Жәбірленуші әлеуметтік желілерде болған оқиғаны баяндап берді. Оның айтуынша, ол күйеуімен және қызымен бірге жеке секторға келген. Күйеуі үйге кіріп кеткенде, баласымен көлікте қалған. Сол кезде көлікке балтасы ұстаған бейтаныс ер адам жақындап келіп, фараларды сындыра бастады, есікті ашпақ болған. Әйел көлік есігінің құлыптап, шабуылдан аман қалды.

«Ол есікті аша алмай, балтамен кері кетті. Мен күйеуіме қоңырау шалдым. Ол бейтаныс ер адамның артынан жүгіре жөнелді, ал ол балтамен тап берді. Күйеуім артқа шегінгенімен, ол оның артынан қуды. Біз оны ұстау үшін полицияға арыз жаздық. Бірақ бізге ештеңе жасамайтындарын айтты.

Бізге «Ол сізді өлтірген жоқ, не болмаса балталап тастаған жоқ. Оны қамайтындай ешқандай дәлел жоқ» деді. Қазір ол бостандықта. Келесі құрбан кім болады? Мұны осылай қалдыруға болмайды. Бәріміз де адамбыз, бәріміздің де балаларымыз бар. Осыдан кейін өмір сүру өте қорқынышты», — деп жазды жәбірленуші.

Еске сала кетейік, 13 ақпанда Петропавлдағы № 4 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы сабаққа балта ұстап келіп, үш балаға дене жарақатын салған. Қазір ол екі айға қамауға алынды.

Добавить комментарий