Қорғаныс министрінің орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды; Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген ақпаратта.

Дарын Тұяқов Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘШҚҚ училищесін «Әскери-саяси ӘҚҚ» мамандығы бойынша, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын құқық танушы, іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘШҚҚ радиотехникалық әскерлерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыдағы коммерциялық құрылымдарда және «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. «Қазақтелеком» АҚ бас директоры — аппарат басшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.

Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлы 1967 жылы 26 сәуірде Қазақ КСР-інің Қызыл Орда облысында дүниеге келген.

1989 жылы Ленинград жоғары әскери инженерлік-құрылыс училищесін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2006 жылы Орталық Азия университетін, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Жоғары академиялық курстарды бітірген. 2018 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын бітіріп, сол жылы докторантураға түсті.

1989-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2007-2008 — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының тыл басқармасының бастығы.

2009-2010 жылдары — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тыл бойынша орынбасары.

2010-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығы.

2013-2017 — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы — Бас штаб бастығының орынбасары.

2017-2019 — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының орынбасары.
2019 жылдың қарашасынан бастап — Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабы бастығының орынбасары.

II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және 17 ведомстволық медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий