Вашингтон Украинаға алдағы уақытта әскери ұшақтар жеткізілуі мүмкін деп мәлімдеді.
АҚШ-тың «Financial Times» басылымының хабарлауынша, жойғыш ұшақтарды жеткізу мәселесі бүгін, 14 ақпанда Брюссельде өткен НАТО қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқыланады.
Вашингтонда бірнеше шенеунік қақтығыс ұзаққа жалғасатын болса, АҚШ Украинаға жауынгерлік ұшақтарын жіберетінін немесе басқа елдердегі F-16 жойғыш ұшақтарын қайта экспорттауға рұқсат беретінін айтты. Бұл туралы дүйсенбі күні британдық Financial Times газеті хабарлады.
Оның мәліметінше, жойғыш ұшақтарды жеткізу мәселесі 14 ақпанда Брюссельде өтетін НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқыланады. Газет АҚШ билігінің аты аталмаған өкілдерінің алдағы уақытта Украинаға батыстық жойғыш ұшақтарды жіберу мүмкіндігі туралы болжамдары не нәрсеге негізделетінін айтпады. АҚШ Президенті Джо Байден 31 қаңтарда Вашингтон Украинаға F-16 жойғыш ұшағын бермейтінін мәлімдеген. Басылым Киев билігі батыстық жауынгерлік ұшақтарды ұзақ мерзімді мақсат ретінде алуды қарастырып жатқанын, ал қазір Украинаға оқ-дәрі жөнелтуге баса назар аударылатынын айтты.