Қазақстанның оңтүстігінде 7,1 класты және 3,7 магнитудалы жер сілкінісі болды
«10 ақпанда Алматы уақыты бойынша 20 сағат 21 минут 12 секундта жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 259 шақырым солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.1. MPV магнитудасы 3.7», — деп хабарлайды «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей шекарасында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі болған.