Қазақстан бойынша 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде циклонның ықпалында қала береді.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынды болады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар аралас жаңбыр жауады, еліміздің шығысында қалың қар жауады», — деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.

Синоптиктер атап өткендей, республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Бұған дейін синоптиктер 2023 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай күтілетінін айтқан болатын.

Добавить комментарий