Ресейлік зерттеуші журналист, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры» тергеу бөлімінің жетекшісі және ресейлік оппозициялық лидер Алексей Навальныйдың серіктесі Марина Певчих Лондондағы «Шерлок Холмстың үйі» Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының меншігі екенін мәлімдеді.
«Иә, бұл біздің тергеу емес, басқа біреулер жүргізген тергеу болды, менің ойымша, консорциумдардың бірі тергеу жүргізді», — деді Евчих ресейлік журналист Юрий Дудьке берген сұхбатында, «Шерлок Холмстың Бейкер-стриттегі мекен-жайы Қазақстан президентінің отбасына тиесілі екені рас па деген журналисттің сұрағына жауап бере отырып»
Оның айтуынша, «бұл посткеңестік кеңістікте кең таралған нәрсе».
«Жемқорлар тек қымбат жылжымайтын мүлікті ғана емес, сонымен қатар, тарихи бар дүниелерді де жақсы көреді», — деп атап өтті Певчих.