Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бүгін, 2023 жылғы 7 ақпанда, сейсенбі күні қолайсыз метеожағдай күтіледі.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республиканың солтүстік жартысында қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күн күркірейді.

Қазақстанның мегаполистеріндегі ауа райы

Астанада күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 10-12 аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 аязда, күндіз 5-7 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 жылы болады.

Добавить комментарий