Жамбыл облысында алғашқы тау шаңғы базасы ашылды

Жамбыл облысында өңірдегі алғашқы тау шаңғысы базасының ашылу салтанаты өтті.

Оңтүстік Қазақстанның ең әдемі табиғи орындарының бірі Жуалы ауданында «Көксай» этно-туристік кешенінің тау шаңғысы базасы ашылды, деп хабарлайды ашық ақпарат көздері.

«Қаралма» ірі тау шаңғысы кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.

Жамбыл өңірінде қысқы жылы ауа райы мен қар аз жаууына байланысты шаңғы және коньки тебу сияқты қысқы спорт түрлері әлі күнге дейін кеңінен таралмады. Алайда нағыз қысқы ауа райы мен қалың қар жауатын Жуалы ауданын «Жамбылдың Сібірі» деп атайды. Бұрындары Жуалыда мектеп оқушылары қыста шаңғы тепкен.

Өңірде ашылған жаңа туризм нысаны «Көксай» тау шаңғы базасы жыл он екі бойы пайдалануға арналған.

Көксай тау шаңғы базасының аумағында этноауыл, қонақ үй кешені, мейрамханалар бар.

«Көксай» этно-туристік кешенінің тау шаңғысы базасының ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде жергілікті жердің ауа-райы, табиғаты туризмді дамытуға қолайлы екенін атап өтті.

«Шаңғы базасының қысқы спорт түрлерімен және ашық ауада серуендеуді ұнататындар үшін таптырмас орын болатыны сөзсіз. Мұнда жамбылдықтар ғана емес, көршілес облыстардың тұрғындары демала алады. Келушілердің қысы-жазы демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Облыс аумағында туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы Тараз еліміздің қалалары арасында бірінші болып Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енді. Өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін ескере отырып, туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін боламыз», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Жуалы ауданында Жамбыл облысындағы ірі «Қаралма» тау шаңғы кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Тау шаңғы кешені екі жылдан астам уақыт бойы коронавирус пандемиясы мен жеткізілімдердің кідіруімен салынып жатыр.

Добавить комментарий