Украинаға қолдау көрсету үшін Ресей-Америка қорынан ақша бөлінді

Вашингтон Украинаны қолдау үшін АҚШ-Ресей қорынан $135 млн көлемінде қаражат бөлінетінін хабарлады.

Сонымен қатар, USAID мәлімдемесінде көрсетілгендей, $18 млн Ресейде азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға бағытталады

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Украина мен Молдованың экономикасын қалпына келтіру үшін Америка-Ресей инвестициялық қорынан (The U.S. Russia Investment Fund, TUSRIF) 135 миллион доллар бергенін жариялады.

Тиісті мәлімдеме сәрсенбі күні USAID сайтында жарияланды.

Құжатта көрсетілгендей, USAID жалпы алғанда $154 млн бөледі, оның $135 млн Тікелей инвестициялар өңірлік қорына (Western NIS Enterprise Fund, WNISEF) «Украина мен Молдова экономикаларын қалпына келтіруді қолдау үшін» бағытталады. USAID мәлімдемесінде айтылғандай, тағы $18 млн Ресей Федерациясындағы азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға бағытталады.

АҚШ Конгресі қаржыландырған америкалық-ресейлік инвестициялық қор 1995 жылдан бастап жұмыс істеп, 2008 жылы таратылған. The New York Times газетінің хабарлауынша, оның шоттарында сақталған қаражат бұғатталған.Аталған қаражатты бөлу мәселесін талқылау Украинада ресейлік арнайы әскери операция басталғаннан кейін жанданды.

Добавить комментарий