Екі аптадан кейін Ресейге қарсы санкциялардың 10 пакеті ұсынылады

Еуроодақ екі аптадан кейін Ресейге қарсы еуропалық санкциялардың жаңа, 10 пакеті ұсынылатынын айтты.

Ағымдағы аптаның соңына дейін ЕО Беларуське қарсы санкцияларды, ал екі аптадан кейін РФ-ға қарсы оныншы санкциялық пакетті мақұлдауы тиіс, деп жазды «Азаттық радиосының» тілшісі Рикард Джозвяк.

«ЕО-ның Беларуське қарсы санкцияларының соңғы пакеті осы аптада мақұлдануы тиіс. Ресейге қарсы санкциялардың оныншы пакеті шамамен екі аптадан кейін Украинадағы соғыс қимылдарының басталғанына бір жыл болғанда келісілуі керек.

Бұған дейін Беларуське қатысты жаңа санкциялар жобасы негізінен Ресейге Украинаға басып кіргені үшін салынған санкциялар қайталанытынын хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ЕО Беларусь Ресейге әскери қолдау көрсетуді тоқтатуы тиіс екенін, ал Беларусь әскерінің ресейліктердің Украинаға қарсы басқыншылық соғысына қатысатын болса «жаңа және ауқымды шектеу шаралар» қолданылатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий