АҚШ ҚК Сомалиде ИМ жетекшісінің көзі жойды

АҚШ-тың әскери қызметrthлері Сомалиде сәтті операция өткізді, соның нәтижесінде ИМ жетекшілерінің бірінің көзі жойылды.

АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері телефон арқылы өткен брифингте Билал әл-Суданидің көзі жойылғанын хабарлады.

«Өткен түні президенттің бұйрығымен АҚШ әскерилері Сомалидің солтүстігінде операция жүргізді, соның нәтижесінде негізгі қайраткер, сондай-ақ ИМ ғаламдық желісінің үйлестірушісі Билал әл-Суданилің көзі жойылды».

Сондай-ақ, осы террористік топтың жетекшісімен бірге болған ондаған адам жер астанды. Әуел баста лаңкестерді өлтірмей ұстау жоспарланған еді, алайда олар қарсылық көрсеткендіктен өлтірілді. АҚШ әскерилерінің арасында ешкім зардап шеккен жоқ.

АҚШ барлау қызметінің бағалауы бойынша әл-Судани Африка құрлығында ИМ қызметін кеңейтуді үйлестірген. Сонымен қатар, ол осы топтың бүкіл әлем бойынша филиалдарын қаржыландырды.

Анықтама үшін: ИШИМ немесе «Ислам мемлекеті» — жиһадизм қағидаттарын ұстанатын террористік топ. Ол 2006 жылы Ирақта жергілікті «Әл-Қаида» ұяшығы бастаған он бір радикалды исламшыл топты біріктіру арқылы пайда болды.

Добавить комментарий