Қазақстанда антициклоннан кейін ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.

Синоптиктер атап өткендей, солтүстік циклонның ойпаты ҚР-ның солтүстік облыстарына ғана әсер етеді, соның салдарынан аздаған қар жауады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, солтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 8-10 аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 1-3 аяз болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 аязда, күндіз 2-4 жылы болады.

Добавить комментарий