Машина жоғары жылдамдықпен барып қоршауға соғылды.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 қаңтарға қараған түні сағат 02:00-де болған. 1992 жылы туған KIA маркалы көліктің жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді тізгіндей алмай, қоршауға соғылды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалды,
Полицияның хабарлауынша, өткен тәулікте қалада бірден екі жол апаты, зардап шеккендермен 12 жол апаты болған. Қалада барлығы 74 автомобиль жол апаты орын алды.
22 қаңтар күні сағат 23:30-да Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын.