Ресей билігі мен пропаганда Украинадағы толыққанды соғыс қимылдары басталғалы бергі ел әскері тиімді соғысып, жеңіске жетіп жатқанын мәлімдеді. Күллі әлем Ресей басқыншылары Украина әскерінің қарымта шабуылы нәтижесінде оқ-дәрі, техника мен түрлі қару-жарақ қоймаларын тастап, Харьковтан қашқан кезде РФ әскерінің «жеңісін» көрді. Немесе соғыс басталғалы бері басып алған жалғыз облыс орталығы Херсоннан кері шегініп, «ізгі ниет ишаратын» жасаған кезде байқады. Кремль соғыс алаңындағы жеңістер туралы асыра мақтап айтқанды жөн көреді, ал бір сөзбен айтқанда орасан зор шығын шығындар туралы тіс жармайды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Олар РФ Қарулы Күштері қатарында шығындары мол деп хабарлайды және ресейлік азаматтарға мобилизацияның екінші толқыны кезінде «орасан зор шығындарды» ұмытпауға кеңес береді.
«Айта кету керек, украиналық барлау қызметі Ресейде 9 қаңтардан бастап әскери міндеттілерді, тіпті әскерде қызмет етуге жарамсыз адамдардың елден шығуына шектеу қойылғанын мәлімдеді, бірақ РФ бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдейді», — деп жазады украиналық БАҚ.
Украина тарапы Украина Қарулы Күштері Луганск облысы Рубежное қаласындағы жатақханаға соққы бергенін, соның салдарынан кемінде 14 мобилизацияланған ресейлік қаза тапқанын мәлімдеді. «Бұл УҚК-ның соңғы уақыттағы жалғыз сәтті шабуылы емес екенін айта кету керек. Сондай-ақ, Украина Қорғаныс күштері Херсон облысы Чулаковка ауылы маңында басқыншыларға соққы жасады. Түрлі ақпарат бойынша шабуыл нәтижесінде РФ әскерінің 500-ге жуық сарбазы жарақат алды және қаза тапты», — деп мәлімдейді сарапшылар ашық ақпарат көздері.
Жаңа жыл түнінде Украина әскері Макеевкадағы ресейлік әскери қызметкерлер орналасқан жерді атқылады, нәтижесінде Украина тарапының мәліметі бойынша, РФ әскері 400 адамынан айырылды және 300 сарбазы жарақат алды.
«Ресейде бұл ақпаратты растады, бірақ шығындар саны әлдеқайда аз болғанын айтты. УҚК ресейліктер орналасқан жерге сәтті шабуыл жасағаны Ресей әскери басшылығы үшін ауыр соққы болды. Бірнеше күн өткен соң РФ Қорғаныс министрлігі 8 қаңтарға қараған түні Краматорскіде украиналық әскерилерге шабуыл жасағанын мәлімдеп, бұл Макеевка үшін «кек алу операциясы» болғанын атап өтті», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Украина тарапы РФ тарапынан жасалған сәтті шабуыл туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Сондай-ақ, еріктілер БАҚ-пен бірлесіп Макеевкада қаза тапқан мобилизацияланған ресейліктердің саны туралы ақпарат берді. Олардың бағалауына сәйкес 6 қаңтардағы жағдай бойынша, Украинада 539 мобилизацияланған ресейлік қаза тапқан.
УҚК Бас штабы Ресей армиясындағы жоғары шығындар туралы үнемі жариялап отырады, атап айтқанда, Ресей әскерлері 24 ақпанда толық көлемді басып кіру кезінде қолдарында болған әскери техника мен қару-жарағының басым бөлігігінен айырылып қалғаны хабарланды.