Германия ресейлік газға тәуелді емес екенін мәлімдеді

Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер Давоста сөйлеген сөзінде Германия энерготасымалдағыштарды әртараптандырып, Ресейге тәуелділіктен құтылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол BBC-ге берген сұхбатында айтты.

Шенеуніктің айтуынша, энергетикалық инфрақұрылымды әртараптандырудың арқасында Германия көмір электр станцияларының жұмысын қалпына келтіріп, елде қалған үш АЭС-ті жабу жоспарын кейінге қалдырды.

«Әрине, Германия бұрынғысынша энерготасымалдағыштардың импортына тәуелді, бірақ бүгінде Ресейден келетін импортқа емес, әлемдік нарыққа тәуелді», — деді ол.

Сонымен қатар, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Линднер Германия Норвегия, АҚШ және басқа да елдерден импортталатын табиғи газ үшін қосымша қоймалар құрғанын атап өтті. Атап айтқанда, үкімет сұйытылған табиғи газға арналған терминалды рекордтық сегіз айда салды, деп атап өтті шенеунік.

Добавить комментарий