Сейсмологтар 4, 4 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі.
«ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 15:05-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 216 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,4. MPV Магнитудасы 4,4″, — делінген жұмада.
Картаға сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Үштөбе қаласының батысында, Талдықорғаннан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан.