ҚХР-мен шекарада автомобиль өткізу пункттері 23 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2023 жылғы 21-23 қаңтар аралығында жұмыс істемейді.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайды», — деп хабарлады МКК.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Добавить комментарий