Молдовадағы шекаралық пункттерінде сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғы тексеріледі.
Атап айтқанда, Молдова ІІМ Ішкі қауіпсіздік қызметінің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокуратурасының қызметкерлері сейсенбі күні шекаралық өткізу пункттерінде тінту жұмыстарын жүргізуде.
Бұл туралы молдовалық PRO TV телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, күдіктілердің арасында Молдова Кеден қызметінің қызметкерлері де бар. Тергеу амалдары бірнеше шекаралық өткізу пункттерінде өтіп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еуропашыл іс-қимыл және ынтымақ партиясы құрған Молдавия үкіметінің басты басымдығы болып жарияланды. Бұған дейін республика премьер-министрі Наталья Гаврилица жемқорлық жолмен алынған мүлікті тәркілеп, қаражатты мектептерді, жолдарды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсауға уәде берген.