Сарапшылар РФ билігі құрдымға кетеді болжауда

Әскери-саяси сарапшылар кезекті рет «Ресей президенті Владимир Путин Украинада кең ауқымды соғыс қимылдарын бастағаннан бері бірде-бір стратегиялық мақсатқа қол жеткізе алмағанын, шын мәнінде, соғыс әлі аяқталмағанымен, барлық бағыттарда сәтсіздікке ұшырады» деп мәлімдеді. Олардың пікірінше, соғыстың салдары РФ үшін өте ауыр зардаптарға алып келеді. «Бұл тезис ешкімде, тіпті соғысты қолдайтын ресейлік азаматтардың да күмәнін тудырмауы тиіс», — деп жазады сарапшылар.

Олар өз сөзінің дәлелі ретінде мыналарды келтіреді:

«Біріншіден, РФ-ның Украинадағы әрекеттері барлық ресейліктерге НАТО ешқашан Ресейге қауіп төндірмегеніне дәлел бола алады». Атын атағысы келмеген Украинаның әскери сарапшылары қазір Ресейге шабуыл жасау үшін ең оңтайлы уақыт деп санайды. «Егер жағдайды саралайтын болсақ, қазір РФ-ға шабуыл жасау үшін ең оңтайлы уақыт..Кремль Украинадағы жауынгерлік күштерінің барлығын дерлік шоғырландырып қана қоймай, РФ әскері орасан зор шығынға ұшырады, енді оны ұзақ жылдар бойы қалпына келтіруі керек. Бірақ соның өзінде НАТО РФ-мен қақтығыспауға тырысып жатыр», — дейді сарапшылар.

«Екіншіден, — деп жазады олар, — Украинаға жасалған шабуыл Ресей армиясында жемқорлықтың тамыры кеңінен жайылғанын көрсетті. Владимир Путин билік басына келгелі 21 жылдың ішінде әскерге $1,1 трлн жұмсады. Ресей мемлекеттік бюджетті әскерге жұмсау бойынша елдер арасында әлемде көшбасшылардың біріне айналды. Әскери шығындардың салдарынан Кремль 20 жыл бойы ресейліктердің білім, медицина және басқа да қажеттіліктеріне аз қаржы құйды. Нәтижесінде Украинадағы соғыстың 10 айында РФ әскері техникалық тұрғыдан да, ұйымдастырушылық тұрғыдан да толықтай сәтсіздікті көрсетті».

Украинаның одақтастары Ресейге қарсы салған санкциялар ұзақ мерзімді перспективада жойқын әсер етеді

Олар Ресей әскерінің сәтсіздікке ұшырауына тағы бір себебі ретінде ресейлік әскерилер басып алған бірнеше елді мекеннің аумағында наразылық митингілері өткенін атады.

«Үшіншіден, ресейлік әскерлер басып алған Украина аумақтарында жергілікті тұрғындар украинашыл митингілер өткізді. РФ бақылауындағы аумақтарда негізінен Украинаның орыс тілді азаматтары тұратыны ешкімге жасырын емес. Мәселен, орыс тілді азаматтар көр тұратын Херсон 8 ай Ресей Федерациясының бақылауында болды, ал ресейшіл азаматтар эвакуацияланғаннан кейін және РФ әскері шығарылғаннан кейін интернетте украиндықтар Украина әскерилерінің келгеніне қуанғаны көрінетін видеолар тарады»

Сонымен қатар, батыстық сарапшылардың пікірінше, Ресей бұрын-соңды болмаған санкциялар енгізілгеніне байланысты ауыз толтырып айтарлықтай зардап шегеді.

«Төртіншіден, Украинаның одақтастары Ресейге салған санкциялары ұзақ мерзімді перспективада жойқын әсерге ие болады. Путин Ресей экономикасы мен қарулы күштерін әлсіреткені соншалық, елге қуатты держава мәртебесін қалпына келтіру үшін 30 жылға дейін уақыт қажет болуы мүмкін, деп мәлімдейді көптеген сарапшылар. Ресей Федерациясындағылар батыстық санкциялар ел экономикасына ауыр соққы болғанын мойындап отыр», — деп жазады батыстық экономистер анонимді түрде.

Украинаның одақтастары Ресейге қарсы салған санкциялар ұзақ мерзімді перспективада жойқын әсер етеді

Мамандардың соңғы келтірген дәлелі абдыратады. Олар Ресейде барлау мәліметтері жеткілікті емес екенін мәлімдеп отыр.

«Бесіншіден, белгілі болғандай, Ресейде барлау қызметі жоқ. Ресейдің арнайы қызметтері жылдар бойы Украинада тыңшылық жасап, агенттерді мемлекеттік институттарға жіберіп, шенеуніктерге парамен айтқанын істетіп, Батысқа қарай бет бұруға кедергі келтіруге тырысты. Бірақ іс жүзінде олар Украина мәдениетін, жаңалықтардың күн тәртібін және саяси құрылымды түсіне алмады. Белгілі болғандай, олар Украинаға баса көктеп кіруге алдын ала дайындалған, бірақ нәтижесінде ресейлік арнайы қызметтер Украина шабуылға төтеп бере алатынын түсінбеген. Баламалы нұсқа бар, Путинге Украинадағы нақты жағдайды ешкім түсіндіргісі келмеген немесе түсіндіре алмаған, — деп хабарлайды саясаттанушылар.

Добавить комментарий