Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен брифингте Украинадағы қарулы қақтығыс мәселесінде Ресейге қолдау көрсетіп отырған Беларусь пен Иранға қарсы санкция салынуы мүмкін екенін айтты.
«Еуропалық Одақ Украинаның батыл азаматтарын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жалғастырады. Біз Кремльге соңына дейін қатаң санкциялық режиммен қысым жасауды жалғастырамыз», — деді фон дер Ляйен.
Оның айтуынша, Брюссель Ресейге соғыс жүргізуге әскери қолдау көрсетіп жатқан елдерге мәселен, Беларусь немесе Иранға қарсы санкцияны күшейтеді.
«Ресейдің Украинаға қарсы соғысындағы қолдауына жауап ретінде біз Беларуське қарсы жаңа санкциялар саламыз», — деді Еурокомиссия президенті.
Бұған дейін Еуроодақ Ресейге қарсы оныншы санкция пакетін енгізу туралы «Үлкен жетілік» елдерімен тығыз диалог жүргізетіні хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, СІМ басшысы Дмитрий Кулеба 2023 жылы Батыстың ресейлік патриарх Кириллге (Владимир Гундяевқа) қарсы санкциялар салуын және Ресейдің қорғаныс кешенінің құрдымға жіберуге шақырды.