Google іздеу жүйесін жетілдіргені туралы мәлімдеді. Жаңа мүмкіндіктердің бірі — музыкалық композицияны үзіндісін дауыспен айту арқылы іздеуге болады.
Функция «Hum to Search» деп аталды (Табу үшін ән айт). Іздеу жүйесінің жұмысы Shazam сияқты. Алайда, енді пайдаланушыға музыка ойнатудың еш қажеті жоқ, 10-15 секунд ән айту, үнін келтіру немесе әуен айту жеткілікті. Бұл үшін телефон іздеу жолындағы микрофон белгішесін басып, «What is this song» деп айту керек.
Пайдаланушы әуеннің үзіндісін айтқаннан кейін алгоритм әлеуетті сәйкестіктерді анықтайды.
Естеріңізге сала кетейік, тонға сәйкес келудің және вокалға ие болудың қажеті жоқ. Тонның биіктігіне қарамастан алгоритмдер барлық ықтимал сәйкестіктерді анықтау үшін пайдаланылатын болады.